27.10.2023 жылдан бастап, "Атамекен-Маңғыстау-Атамекен" бағытындағы тұрақты ауданішілік автобус іске қосылады. Қоғамдық көлік күнделікті сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған автобус Атамекен ауылдық округінің Жалын тұрғын массиві аумағындағы "Қала жолдары" ЖШС базасынан бастап, Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массиві арқылы Маңғыстау ауылына дейін жүреді.
- Жолсапардың жүру жиілігі – 1 сағат, жол жүру құны ересектер үшін – 70 теңге, 18 жасқа дейінгі жолаушыларға – 35 теңге,- делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.